Ай сайынғы стипендия

Стипендияны есептеу стипендиаттың нақты тұрған жерінің шығыс нормалары бойынша жүргізіледі. Егер стипендиат тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында көзделген басқа жұмыс) уақытында «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған елден ерекшеленетін елде, штатта немесе қалада болса, есептеу стипендиаттың нақты тұратын елінің бекітілген нормативі бойынша осындай норматив елдер бөлінісіндегі шығыс нормаларының бекітілген тізімінде болса, жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу тағайындау елі бойынша жүргізіледі. Стипендиат академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған басқа жұмыс) кезінде Қазақстан Республикасы аумағында болса, есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлеріне сәйкес жасалады.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлеріне оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын есептеу кезеңі шетелдік жоғары оқу орнының / білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне, шақыру хатына (алғаш рет шығатындар үшін), студенттік визаны рәсімдеу үшін иммиграциялық емес нысандарға (DS-2019, 1-20), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бекітілген оқу жоспарына / жеке оқу жоспарына (академиялық оқуын жалғастыруға шығатындар үшін) сәйкес оқу елінде нақты оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің, бірақ оқуды/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру шартымен белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңі болып табылады.

 

Оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу әрбір күнтізбелік айға толық көлемде жасалады.

 

Академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің бірінші айы және академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің соңғы айы күндерінің жалпы саны күнтізбелік 30 (отыз) немесе одан кем күнді құраса, онда төлем академиялық оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің бірінші немесе соңғы айында жүзеге асырылады.

 

Оқу кезеңінің бірінші немесе соңғы айының оқу күндерінің саны күнтізбелік 3 (үш) күннен аспаса, онда осы айлар үшін төлем жасалмайды.

 

Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.

 

Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін стипендияны есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкес ведомость құру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 609 бұйрығы.