«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Бибол Жақыпбаев М.В. Ломоносов медалімен марапатталды

 

 

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, PhD докторы Бибол Жақыпбаев Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумы наградалар жөніндегі департаментінің шешіміне сәйкес Ресей Ғылым академиясындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы білімі мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін М.В. Ломоносов медалімен марапатталды.

 

Қазіргі уақытта Бибол М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде.

 

Марапатты Бірінші Ресей-Иран форумы аясында РФ РҒА ресми ғылыми қызметкері Зафар Вазиров табыстады.
Сондай-ақ марапаттауға РҒА корреспондент-мүшесі, РҒА Демографиялық зерттеулер институтының директоры Сергей Рязанцев қатысты.

 

Біз Биболды марапатымен құттықтай отырып, кәсіби қызметінде табыс тілейміз.