«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі.

 

2020 жылы «Ғылым» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М.А. Айтхожин атындағы «Молекулалық биология және биохимия институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері Мұхатаев Жүсіпбек Еркінұлы марапатталды.

 

Құттықтаймыз және кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз!