«Болашақ» президенттік стипендиясына – 27 жыл!

 

Бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының туған күні.

 

Президенттік стипендия 1993 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген.

 

Өзінің 27 жылдық кезеңінде 14 мыңнан аса жас әлемнің әр түкпірінде әлеуметтік-гуманитарлық, инженерлік-техникалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алды.

 

Осы уақыт ішінде «Болашақ» елімізге қажетті жоғары мамандандырылған кадрлерді дайындау, интеллектуалды әлеуетті арттыру жолында теңдессіз үлес қосты.

 

Мақсаткерліктің, зор қажыр-қайрат пен шығармашылық ізденістің, жоғары кәсіпқойлықтың, дәстүрге деген айрықша құрметтің арқасында біздің стипендиаттар мен түлектер ең батыл жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруда әрдайым табыстарға қол жеткізіп келеді.

 

Бүгінгі мереке күні Халықаралық бағдарламалар орталығының барлық қызметкерлеріне, стипендиаттар мен түлектерге зор денсаулық, бақыт, шаттық пен шабыт және одан әрі өркендеу тілейміз!