«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

 

«Болашақ» бағдарламасының түлектері 2020 жылғы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласына арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегерлері атанды.

 

«Ыстыққа төзімді қорытпалар мен олардың негізінде бөлшектер өндіру және өңдеу үшін жаңа буын технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жұмысы үшін: Қарағанды техникалық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Гүлнар Жетесоваға;

 

«Инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және клиникалық медицинаға енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін: Ұлттық ғылыми медициналық орталығы Жасушалар технологиясы мен транспланттау орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Асқаровқа;

 

«Бейлокальды дифференциалды операторлар теориясы» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға мемлекеттік сыйлық берілді.

 

Түлектерімізді құттықтай отырып, кәсіби қызметерінде толағай табыстар тілейміз!