«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды

2020 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

 

Комиссия шешімімен 106 үміткерге стипендия тағайындалса, оның 95-і магистратура, 6-ы докторантура, 5 үміткер денсаулық сақтау саласы бойынша тағылымдамадан өтеді.

 

Конкурстық іріктеудің бірінші легіне 113 үміткер қатысып, Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері олардың 106-на стипендия тағайындауды ұсынды.

 

Ағымдағы жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық рәсімдер толығымен автоматтандырылғанын еске саламыз. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдері прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылып, бейнетіркеу жүйесімен қамтамасыз етілген. Үлгі ретінде Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жүйесі таңдап алынды.

 

Шарттар жасасу үшін 21 қыркүйектен бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында электрондық кезекке тұру жүзеге асырылады.

 

Сондай-ақ бұдан былай стипендиаттың білім алуын қадағалау барысы да цифрлық форматта жүргізілетін болады. Яғни олардан жарты жыл сайын транскриптерді сканерлеу, есеп пен анықтамалар жіберу талап етілмейді. Мұның барлығы Халықаралық бағдарламалар орталығы порталында блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жүзеге асырылады. Ондағы әрбір өзгерістер автоматты түрде тіркеліп, сақталып отырады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттардың негізсіз өзгеруіне жол бермейді.

 

2020 жылы құжаттарды қабылдау 31 қазанға дейін жүргізіледі.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы игерлерінің тізімі.

 

Анықтама: 2020 жылға барлығы 555 стипендия бөлінсе, оның 395-і магистратура, 50-і докторантура бағдарламаларына және 110-ы тағылымдамадан өтуге арналған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаны іске асырудың 27 жылында 13 976 стипендия тағайындалды.