«БІЗ – ЕЛІМІЗДІҢ ПАТРИОТЫМЫЗ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

 

«Біз – еліміздің патриотымыз» атты халықаралық жастар форумы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бері білім, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қол жеткізу, кәсіби және жекебасының бәсекеге қабілеттілігі, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың қалыптасуы деген мәселелер әлі де басты назарда.

 

Форумға таяу және шалғай шет елдердегі халықаралық жастар ұйымының көшбасшылары қатысады. Яғни Франция, АҚШ, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусия, Ресей секілді елдерден келеді. Сонымен қатар, орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Мәслихаты мен Парламентінің жас депутаттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Қазақстанның жүз жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздары, жас ғалымдар, кәсіпкерлер мен шығармашыл жастар қатысады.

 

«Біз – еліміздің патриотымыз» атты халықаралық жастар форумының сұхбат алаңы «open space» форматында өтеді.