«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ А.КӘРІБОЗОВАНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУІ

 

2 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А.Кәрібозова Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездеседі. Кездесу орны ретінде Қазақстанның ең үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының бірі – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті болып белгіленді.

 

Кездесуде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті «Болашақ» бағдарламасындағы барлық соңғы өзгерістер, 2021 жылы стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстың ерекшеліктері туралы ақпарат береді, «Болашақ»бағдарламасы шеңберінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өту, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу мәселелері бойынша кеңес береді.