АҚШ СТИПЕНДИАТТАРЫ ҮШІН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

АҚШ-та оқитын стипендиаттарға арналған Консулдық есеп жөніндегі нұсқаулық

 

Құрметті стипендия иегерлері!

 

Сіз бен Орталық арасында қол қойылған келісім-шартқа сәйкес, оқу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оқу еліндегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне есепке тұруыңыз және шетелдік мекемеде тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде бұл туралы Орталыққа хабарлауыңыз қажет.    

 

Есепке тұру үшін келесі қадамдар жасалуы тиіс:  

 

1. Берілген сілтеме бойынша өтіңіз 

2. Санатын таңдаңыз — АҚШ аумағында уақытша орналасқан Қазақстан Республикасының азаматтарына;

3. Онлайн сауалнаманы толтырыңыз (шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеу карточкасы);

4. Сауалнамаңыз қабылданғаннан кейін, экраннан Print Screen жасап, тіркеуге тұрғаныңыз туралы растаманы өз кураторыңыздың электронды поштасына жіберіңіз;

         

Консулдық есеп жөніндегі сұрақтарыңыз бен анықтамаларды мына мекенжайға жолдауға болады:  bolashakusa@gmail.com

Америка Құрама Штаттарындағы біздің Өкілдігіміздің Вашингтон қ., Колумбия федералды округіндегі байланыс көздері:

Байтурин Алиби Курманалыевич: +1 202 560 19 73, bolashakusa@gmail.com