Магистратура
Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 27 — тармағына сәйкес, Сіз Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия Сізге «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде Стипендиаттың магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыру шартын (бұдан әрі — оқуды ұйымдастыру Шарты) жасасуыңыз керек.
Стипендиаттың «Оқуды ұйымдастыру шарты» бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлік кепіл шарты (бұдан әрі — кепіл шарты) жасалады, егер жылжымайтын мүлік кепіл құны оқуды ұйымдастыру шартының барлық шығындарын қамтамасыз етпесе, қосымша кепілдік беру шарты жасалады.
Оқу құнын 70% -дан аса кепілзатпен қамтамасыз етумен жабу кезінде – бір кепілдік беруші.
Оқу құнын 50% -дан 70%-ға дейін кепілзатпен қамтамасыз етумен жабу кезінде — екі кепілдік беруші.
Оқу құнын 30% -дан 50%-ге дейін кепілзатпен қамтамасыз етумен жабу кезінде — үш кепілдік беруші.
Оқу құнын30%-дан кем кепілзатпен қамтамасыз етумен жабу кезінде төрт кепілдік беруші.
Ауылдық аймақтарда тұратын стипендиаттармен (мекенжай анықтамасымен анықталған), шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлік құны жеткіліксіз болған жағдайда, жылжымайтын мүлік кепілінің оқу құнын жабу пайызына қарамастан кепілдік беруші саны (1-4) болуына рұқсат етілген.
Кепіл шарты 3 (үш) данада жылжымайтын мүлік иесімен/ лерімен, стипендиаттың оқуын ұйымдастыру туралы шарт Стипендиатпен 2 (екі) данада, кепіл берушімен кепіл беру шарты 2 (екі) данада жасалады.
Шарттар бір уақытта жасалып, нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде сенім білдірілген адамдармен (стипендиатпен, меншік иесімен/лерімен, кепіл берушімен) (ҚР АК-нің 163- бабының 3 — тармағына сәйкес стипендиат сенім білдірген адам бола алмайды)жасалуы мүмкін.
Назар аударыңыз!
*Шарттар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен шарттарға қол қою кезінде толтырылады және басылып шығарылады.
*Стипендиаттың оқуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен оның бұдан әрі қаржыландырылуы уәкілетті органдарда тіркелген жылжымайтын мүлік кепілі шартын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ алғаннан кейін жүзеге асырылады.
*Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 27 — тармағына сәйкес Стипендиат көрсетілген мерзімде шарттар жасаспаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 28 — тармағына сәйкес «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бұл адамды «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселесін қарауға бастама жасайды.
Шарттар жасау процесі мыналарды қамтиды:
1. Төменде көрсетілген құжаттарды жинау;
2. Нұр-Сұлтан қаласына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға келесі мекенжай бойынша шарт жасау үшін келу: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, «Expo» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат.
3. Мүліктің орналасқан жері бойынша ХҚО-да жылжымайтын мүлік кепілі шартын тіркеу;
4. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға оқуды ұйымдастыру шартын, қажетті құжаттармен қоса тіркелген жылжымайтын мүлік кепіл шартын ұсыну.
Оқуды ұйымдастыру шартын жасау:
1. Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыру шартын жасау үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсыну керек:
2. Стипенндиаттың ЖСН көрстелген жеке куәлік көшірмесін;
Жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау:
Жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасау үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсыну керек:
1. Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Әділет департаменті берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (анықтаманы ХҚО-ға тапсырыс беруге және алуға болады);
2. ҚР барлық өңірлерінен (16 өңір немесе ҚР бойынша біртұтас) Стипендиаттың отбасы мүшелерінің(ата – анасы, жұбайы, балалары), Стипендиаттың өзін қоса алғанда, жылжымайтын мүліктің болу (болмау) туралы анықтама (анықтаманы тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға тапсырыс беруге және алуға болады). Аталған анықтамалар ұсынылған мүлікпен оқуды ұйымдастыру Шарты бойынша оқу құнын жапқан жағдайда тапсырылмайды.
3. Сауда-саттық шартының түпнұсқасы, жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, мұраға қалдыру туралы куәлік, пайдалануға қабылдау акті, және басқасы (меншік құқығының туындау негізін растау құжаты);
4. Пәтердің немесе үйдің техникалық паспортының (жоспарының) түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушы берген 6 айдан кешіктірілмеген жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
6. Жер теліміне (тұрғын үй үшін жер телімімен) жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасы;
7. а) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырған болса-жұбайының (-және) (жылжымайтын мүлік иесі болып табылмайтын) жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге нотариалды куәландырылған соттан тыс сатуға жылжымайтын мүлік иесінен келісім, сонымен қоса неке туралы куәліктің көшірмесі; б) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырмаған болса,-жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде мүлік иесінің отбасы жағдайын растайтын нотариалды куәландырылған өтініші; а) және б) тармақтарында көрсетілген құжаттар жылжымайтын мүлікті жұбайлардың бірі сыйға алған немесе мұраға қалдыру тәртібімен алған жағдайда ұсынылмауы мүмкін;
8. Кепіл беруші кәмелет жасқа толмаған бала болса (жекешелендіру шарты бойынша, сыйға тарту шарты бойынша, мұра т.б.)-қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан мүлікке қатысты мәміле жасау келісімі туралы анықтама, сонымен қоса, кепіл берушінің кәмелетке толмағаны туралы нотариалды куәландырылған көшірмесі;
9. Кепіл шарты кез келген жағдайда және сенім білдірушінің қарауы бойынша да жасалатындығы көрстетіле отырып, кепіл шартына қол қоятын адамға (ҚР АК-нің 163 — бабының 3 — тармағына сәйкес стипендиат сенім білдірген адам бола алмайды) меншік иесінен (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен) жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасауға нотариалды куәландырылған сенімхат;
10. Соттан тыс сатуға жылжымайтын мүлік иесінен (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен)нотариалды куәландырылған келісім-өтініш;
11. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасасқаннан кейін ХҚО-да (мүліктің орналасқан жері бойынша) тіркейтін адамның жеке куәлігінің көшірмесі;Бұл адамға шарт жасасу кезінде болудың қажеті жоқ.
12. Кепіл берушінің (-лердің) ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
Кепілдік шартын жасау:
«Кепілдік беру шартын» жасау үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсыну керек:
1. Кепілдік берушінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2. Кепілдік берушінің жұмыс орнынан анықтама (соңғы 1 жылдың, яғни шарт жасасқанға дейін 12 айға табысын көрсетумен).
3. Соңғы бір жылға яғни шарт жасақанға дейінгі 12 айға зейнетақы қорынан көшірме.
4. Кепілдік беруші шарт жасасу кезінде Нұр-Сұлтан қаласына келе алмаған жағдайда кепілдік шартын жасасуға сенімхат (ҚР АК-нің 163 — бабының 3 — тармағына сәйкес стипендиат сенім білдірген адам бола алмайды).
*Кепілдік беруші ретінде шарт жасасқанға дейін 12 айға табысын көрсетумен кез келген жеке адам (50 жасқа дейінгі) бола алады. Кепіл берушіден қосымша кепіл мүлкін ұсыну талап етілмейді.Кепіл беру шарты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен кепілдік беруші арасында жасалады, және аталған шарт тіркелмейді, яғни кепілдік берушіге қандайда болсын (несие алуда немесе несие бар болған жағдайда, сонымен қоса кепілдік берушінің несие тарихына әсер етпейді) шектеулер қойылмайды. Декреттік немесе академиялық демалыстағы адамдар кепілдік беруші бола алмайды.
*Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарды дайындағаннан кейін Стипендиатқа, кепілдік берушіге, не сенімхат жөніндегі өкілдерге мына мекенжайға келу қажет: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, «Expo» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат, тел. 8 (7172) 79-04-79, 8 (7172) 76-90-80, 8 (7172) 76-90-79;
Сіздердің назарларыңыз үшін:
1. Шарттар тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалады.
2. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Шарттарды ресімдеу 3 (үш) жұмыс күнінде жүргізіледі. Құжаттар сағ. 9.30-дан 16.00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды беру 16.00-ден 17.00-ға дейін, демалыс күндері: Сенбі және жексенбі, сондай — ақ кеңес мына телефондар арқылы беріледі: 8 (7172) 79-04-79, 8 (7172) 76-90-80, 8 (7172) 76-90-79.
Жылжымайтын мүлік кепіл шартының 2.1.3.— тармағының негізінде құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқалары ХҚО-да тіркегеннен кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ — ға тапсырылады және оқуды ұйымдастыру туралы шарты бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін қайтарылады, осыған байланысты жеке пайдалану үшін құқық бел2гілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған құжаттардң көшірмелерін жасауларыңызды еске саламыз.
Кепіл шарты екі тарап қол қойғаннан кейін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Әділет департаментінде (ХҚО арқылы) тіркеуге жатады. Әділет департаменттеріндетіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепіл шартының 1 данасы Әділет департаментінің тіркеу туралы мөрі басылғаннан кейін мынадай тізбеге сәйкес құжаттармен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қайтарылады:
1. Сауда-саттық шартының түпнұсқасы, жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, мұраға қалдыру туралы куәлік, пайдалануға қабылдау акті, және басқасы (меншік құқығының туындау негізін растау құжаты);
2. Пәтердің немесе үйдің техникалық паспортының (жоспарының) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3. Бағалау қызметін жүзеге астыруға лицензиясы бар кез келген тәуілсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау актісінің түпнұсқасы;
4. Жер теліміне (тұрғын үй үшін жер телімімен) жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасы;
5. а) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырған болса-жұбайының (-және) (жылжымайтын мүлік иесі болып табылмайтын) жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге нотариалды куәландырылған соттан тыс сатуға жылжымайтын мүлік иесінен келісім өтініш және неке туралы куәліктің көшірмесі;
6. б) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырмаған болса,-жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде мүлік иесінің өтініші;
7. а) және б) тармақтарында көрсетілген құжаттар жылжымайтын мүлікті жұбайлардың бірі сыйға алған немесе мұраға қалдыру тәртібімен алған жағдайда ұсынылмауы мүмкін;
8. Кепіл беруші кәмелет жасқа толмаған бала болса (жекешелендіру шарты бойынша, сыйға тарту шарты бойынша, мұра т.б.)-қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан мүлікке қатысты мәміле жасау келісімі туралы анықтама, сонымен қоса, кепілдік берушінің кәмелетке толмағаны туралы нотариалды куәландырылған көшірме;
9. Меншік иесінен жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасауға нотариалды куәландырылған сенімхат (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен);
10. Соттан тыс сатуға жылжымайтын мүлік иесінен (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен)нотариалды куәландырылған келісім-өтініш;
11. Жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша Әділет департаменті берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (анықтаманы ХҚО-ға тапсырыс беруге және алуға болады). Анықтамаға кепіл шартын тіркегеннен кейін қайтадан тапсырыс беру қажет.