МАЖАРСТАНДА ТЕГІН БІЛІМ: SZENT ISTVÁN UNIVERSITY

 

Халықаралық бағдарламалар орталығы «STIPENDIUM HUNGARICUM» бағдарламасы шеңберінде Мажарстанда білім алуға қатысты қызықты әрі пайдалы ақпарат беруді жалғастырады.

 

Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайынғы гранттар беретін Мажарстан университеттерінің бірі – Szent István University.
Бұл оқу орны «Stipendium Hungaricum» халықаралық студенттерге арналған стипендиялық бағдарламасына 2013 жылы қосылды.

 

Szent István University Мажарстанның жастар арасында ең танымал университеттерінің бірі. Оқу орны 1968 жылы сәулет саласында кадрлар даярлау мақстаныда құрылған. Уақыт өте келе сәулетпен қатар өзге де мамандықтар қосылып, оқу орнын көп салалы етті.

 

Бүгінгі таңда бакалавр, магистр және докторлық дәрежелерді алуға болатын сегіз факультет бар. Оқытушылар тұлғалық-бағдарлы тәсілді қолданады, білім беру сапасын үнемі жақсарту және ғылыми-зерттеу жұмысының танымалдылығын арттыру үшін барлық жағдай жасалған.

 

Университеттің мынададай артықшылықтарын атап өтуге болады:
– Оқу топтары шағын студенттерге негізделген;
– Жарқын студенттік өмір;
– Жыл сайын университетте «Сеченов апталығы» өткізіледі. Оған Мажарстан жазушылары, актерлері, саясаткерлері қатысып тұрады.
– Ғылыми-зерттеу әзірлемелерін енгізу мүмкіндігі;
– Оқытудың тәжірибелік бағыты;
– Тұлғаға бағытталған тәсіл;
– Өзінің ашықтығымен және заманауи көзқарастарымен танымал университет басшылығы;
– Үздік студенттер Еуропаның жетекші компанияларында тағылымдамадан өтуге үміткер бола алады;
– Бірінші курстан бастап оқу мен жұмысты ұштастыру шарттары бар.