ОМАН ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ КУРСТАР ҰСЫНАДЫ

 

Оман туризм колледжі бакалавриат бойынша бірқатар академиялық бағдарламалар мен білім туралы Сертификатпен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді курстарды ұсынады:

 

1 Туризм және қонақжайлылықты басқару;
2 Туризм саласындағы маркетинг;
3 Іс-шараларды ұйымдастыру;
4 Бизнесті басқару.

 

Сонымен қатар, Оман туризм колледжі шетелдерден келген студенттерге халықаралық білім алуда мынадай тамаша мүмкіндіктер сыйлайды:

 

– ақысыз тіркелу;
– шетелдік азаматтар үшін білім алуға 20% жеңілдік;
– оқу визасын рәсімдеу.
 

Оман туризм колледжі – Оман Сұлтандығының жалғыз халықаралық туризм колледжі болып табылады және Оманның туристік индустриясының өсуіне қолдау көрсетіп келе жатқан туристік білім беру провайдері саналады. Колледж түлектерінің алған білімдері мен дағдылары нәтижесінде туризм саласының талаптарына сәйкес жұмысқа оңай орналасуға зор мүмкіндіктері бар. Колледждің басты міндеттерінің бірі – тиімді жұмыс жасау және «Халықаралық студенттер» бағдарламасы шеңберінде шетелдерден студенттерді тарту.

 

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты Оман туризм колледжінің www.otc.edu.om ресми сайтынан алуға немесе колледждің халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Хана бинт Джума әл-Арабия ханымнан ‪+968 24512303‬/+968 ‪24512383‬ байланыс телефондары арқылы білуге болады.