Оқу ақысы

Қоғам ЖОО-ларға тек оқу шығыстарын, ЖОО талаптары бойынша міндетті қызметтерді және медициналық сақтандыруды ғана төлейді. Қосымша қызметтер үшін жинауларды қоса алғанда, басқа да шығыстар стипендиаттарға төленеді.

 

Оқуға ақы оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Қоғам бекітілген оқу жоспарына кірмейтін немесе қайта өткен пәндерге ақы төлемейді.

 

Қоғам ЖОО талап ететін медициналық сақтандырудың ең төменгі құнын төлейді. Медициналық сақтандыру бағдарламасына ең төменгі құн бойынша тіркелулеріңізді өтіне сұраймыз.

 

Әдетте, ЖОО-лар оқу жылы (семестр/триместр) басталғанға дейін оқуға ақыны талап етеді. Оқуға ақыны төлеу қажеттігі көрсетілген нақты күндер оқу орындарының веб-сайттарында жарияланады. Стипендиаттар оқу орнына қаржылық кепілхатын осы күнге дейін ұсынуы қажет. Ұсынылған қаржылық кепіл негізінде ЖОО/тілдік мектеп «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға (бұдан әрі – Қоғам) төлемге шот береді. Қоғам оқу орнынан алынған шот бойынша ақы төлейді.