Магистратура
Сізді «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атануыңызбен құттықтаймыз!
Сіздің әрі қарай жасайтын әрекеттеріңіз:
1) Заң қызметі департаментінің Шарт жасау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасына хабарласып, оқуды ұйымдастыруға арналған және жылжымайтын мүлік кепілі шарттарын жасасуыңыз қажет;
2) Жоғарыда көрсетілген шарттарды жасасқан соң, «Солтүстік Америка, Азия және Океания» немесе «Ұлыбритания және Құрлықтық Еуропа елдерінде оқытуды ұйымдастыру басқармаларына» хабарласып, Сізге тағайындалған кураторды анықтап, Сіз баратын ЖОО-ына және виза алу үшін елшілікке тапсыруыңыз қажет болатын кепілдік хаттарын алу жолдарын сұрай аласыз;
3) ЖОО-ына арналған кепілдік хатының сканерден өткізілген нұсқасын оқу орнына жіберіңіз;
4) Жоғарғы оқу орнынан визаға рәсімдеуге арналған құжаттарды алыңыз;
5) Шетелдегі оқуыңыздың басталуына бір ай қалғанда Қазақстанның кез келген банкінен мультивалютті төлем картасын рәсімдеп, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің карт-шоты бойынша мәлімдемелер бланкінің нысанын толтырып Оқуды қаржыландыру басқармасы қызметкерлеріне жіберіңіз;
6) Виза алу үшін құжаттарды дайындау – Сіздің жауапкершілігіңізде;
7) Визаны алған бойда кураторыңызға сканерден өткізілген нұсқасын жіберіңіз;
8) Әуебилет сатып алуға арналған өтініш нысанын толтырып өз кураторыңызға жіберіңіз.
Академиялық оқу барысында жасау қажет әрекеттер:
1) Сіз оқитын елдің иммиграциялық талаптарына сәйкес жергілікті полиция мекемесінде тіркелу;
2) Медициналық сақтандыруды рәсімдеу (оқу елі талаптарына сәйкес);
3) Оқу елінде орналасқан Қазақстан Республикасы елшілігінде консульдық есепке тұру;
6) 60 күнтізбелік күн ішінде ЖОО-ы бекіткен академиялық оқу күнтізбесіне сәйкес жасалған оқу жоспарын куратордың қарауына ұсыну;
7) Оқу жоспарын қатаң сақтап, оқуды ұйымдастыруға арналған шартта көрсетілген талаптарға сәйкес оқу үлгерімін көрсету;
8) Әр оқу семестрі/жылы аяқталған соң, алынған баға көрсетілген құжатты кураторға жолдау;
9) ЖОО-мен бекітілген мерзімде оқудан өту және тәмамдау;
10) Әрдайым куратормен байланыста болып, кез келген өзгеріс туралы хабарлау.
Оқуды тәмамдаған соң:
1) Оқуды тәмамдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, әрі қарай еңбек өтілін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасына оралу;
2) Кураторға Оқуды аяқтау туралы өтініш нысанын жолдау;
3) Кураторға диплом және транскрипттің (барлық оқу кезеңі бойынша) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын ұсыну;
4) Қазақстан Республикасына кіру белгісі қойылған паспорт көшірмесін ұсыну;
5) Түлектермен жұмыс басқармасы қызметкерлеріне әр 6 ай сайын жұмыс орнынан алынған анықтаманы тапсырып отыру;
Өтініш үлгілерін «Стипендиатқа» – «Құжат үлгілері» бөлімінен көре аласыз.