«Сбербанк Қазақстан» 14 жылдығын атап өтуде

 

«Сбербанк» қаржылық ұйымының құрылғанына 179 жыл толды, ал оның еліміздегі бөлімшесі – «Сбербанк Қазақстан» өзінің 14 жылдығын атап өтуде.

 

Бүгінде «Сбербанк Қазақстан» банкінің басқарма төрағасы «Болашақ» бағдарламасының түлегі Елдар Теңізбаев екенін мақтанышпен атап айтқымыз келеді.

 

Елдар Ұлыбританияның City University London оқу орнынан «Халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Алдағы 15 қарашада атап өтілетін Қаржыгерлер және Ұлттық валюта күніне орай құрылымының барша қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге алдағы мақсаттарыңызға ойдағыдай жету жолында мықты денсаулық, баянды бақыт және береке тілейміз. Қаржылық міндеттерді орындауда сауатты көзқарас пен сәтті шешімдеріңіз табысты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік сыйласын.

 

«Сбербанк Қазақстан» Халықаралық бағдарламалар орталығындағы түрлі жобалар мен бастамаларға әрқашан қолдау көрсетіп келеді және арадағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жемісті жалғаса беретініне сенім білдіреміз.

 

Кәсіби мереке қарсаңында Елдар Теңізбаев Forbes.kz іскерлік журналына арнайы сұхбат берді.

 

Болашақ түлегімен болған әңгімені мына сілтемеден оқи аласыз: https://forbes.kz/…/eldar_tenizbaev_krizis_vremya…/