СЛОВАК РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 4 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словак Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы Меморандум шеңберінде Словак Республикасының жоғары оқу орындарында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдауды жариялайды.

 

Қазақстан азаматтарына 4 грант бөлінді:

 

– 2 «магистр» білім беру дәрежесі бойынша;

– 2 «доктор» білім беру дәрежесі бойынша.

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 наурызына дейін.

 

Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.portalvs.sk/en/informacie-o-vysokych-skolach 
Сонымен қатар осы бағдарлама бойыншы қызығушылық танытқан үміткерлер толық ақпаратты мына веб парақшалардан көре алады:
https://grants.saia.sk/Pages/ProgramDetail.aspx?Программа=496

 

https://grants.saia.sk/Pages/ProgramDetail.aspx?Программа=495

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

 

– Тегін оқу;

– Магистратура бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 280 евро; Докторантураға – 330 евро.

 

– Медициналық сақтандыру, виза, жол ақысы және тұрғын-жайдың төлемі білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Құжаттарды тапсыру үшін «электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы қызметін https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon?fbclid=IwAR0M2Tclj3eRRa_pJgF5XA77TyHrnBtXFowGW4NjsswkY0vOpgMsEiPMUw  пайдалануды сұраймыз.

 

ЭЦҚ онлайн режимде (қашықтан) алу жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp?fbclid=IwAR3DQH_konXneJ936ADfgNatZofSDGONJQTOR1J3ZH-_I6yNP1a9Tvq1jvA , егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалуға болады.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  +7 (7172) 769-082, 76-90-84 телефондары арқылы хабарласуға болады; email: Info@bolashak.gov.kz

 

Словакия жадынама
 
Словакия сауалнама