Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамында жүргізілді. Бағдарламаны іске асыруға жүргізілген мониторинг, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша Қоғам мен Агенттік арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітілді.

   Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау қағидаларында елеулі өзгерістер әзірленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олар, ең алдымен, ашықтықты арттыруға, барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауға, іріктеудің объективтілігін арттыруға, сондай-ақ бюрократиялық кідірістерді жоюға және бұрын туындаған проблемаларды/мәселелерді шешуге бағытталған.