ü Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:
· ұсынылған ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО–нан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);
· мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу (нәтижесі В1 деңгейден кем емес)
· бакалавр немесе маман дипломының орташа балы есептелмейді.
ü Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер:
· соңғы 3 (үш) жылда ауылдық елді мекенде тұру және соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде еңбек қызметін жүзеге асыру;
· бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 2,67 (4.33/4.00) не 5.00-тен 4.00;
· кемінде В1 деңгейлі нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;
· белгіленген ең төменгі талапқа сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;
· бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығының мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдаған мамандығына сай келуі
ü Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:
· ұсынылған ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО–нан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);
· мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу (нәтижесі В1 деңгейден кем емес)
· бакалавр немесе маман дипломы бойынша орташа балы есептелмейді.
ü Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:
Ғылымдар;
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;
Педагокикалық қызметкерлер;
Мемлекеттік қызметшілер;
Инженерлік-техникалық қызметкерлер.
· тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның атынан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);
· жалпы еңбек өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде соңғы 12 (он екі) айы таңдаған маманданым саласында;
· кемінде В1 деңгейлі нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;
· бакалавр немесе маман дипломы бойынша орташа балы есептелмейді