Тәжікстан Республикасының үкіметаралық грантына оқуға түсу үшін 6 адам ұсынылды

Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2020-2021 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша гранттар ұсынылады:
Бакалавриат бағдарламасы бойынша – 40 орын;
Магистратура бағдарламасы бойынша – 10 орын;

Грант келесі шығындарды өтейді:
тегін оқу;
– жатақханада тұру;
– ай сайынғы стипендия.

Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссия отырысының шешімі бойынша Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға 6 адам ұсынылды. Білім беру грантын тағайындау туралы түпкілікті шешімді тәжік тарабы қабылдайды.

?Тізіммен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: сілтеме