ФИНЛЯНДИЯ-ӨЗБЕКСТАН ҚОС ДИПЛОМ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті мен Финляндияның Турку ғылым университетінің бірлескен білім беру бағдарламасының ашылғаны туралы хабарлайды.

 

Студенттер қос диплом бағдарламасы бойынша бірінші жылы Өзбекстанда, қалған үш жылда Финляндияда оқиды. Студенттер Финляндияның АКТ-компаниялары мен стартаптарында тағылымдамадан және рекрутингтен өту мүмкіндігі бар.

 

Бағдарлама бойынша оқыту инновациялық әдістер мен тәсілдерге негізделген. Бірлескен білім беру бағдарламасы «Ақпараттық технологиялар және кәсіпкерлік» және «Бизнес-ақпараттық технологиялар және кәсіпкерлік» мамандықтары бойынша бакалавриат студенттерін қабылдайды.

 

Егер Сізді осы бағдарлама қызықтырса және құжаттар тапсырғыңыз келсе, төмендегі сілтеме бойынша өтінімді толтырсаңыз болады:

https://form.jotform.com/203572556481459

 

Студенттер ағылшын тілінде сұхбаттасу арқылы қабылданады (сертификат қажет емес).

 

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

 

Веб-сайты:http://tsue.uz/ru/%d0%bf%d1%80%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%b0%d1%8e%d1%82%d1%81%d1%8f-%d0%b7%d0%b0%d1%8f%d0%b2%d0%ba%d0%b8-%d0%bd%d0%b0-%d1%83%d1%87%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b5-%d0%b2-%d1%81%d0%be%d0%b2%d0%bc%d0%b5/

 

Телефондары: +998 91 1660444; +998 91 2231211.

 

Е-mail: tuas@tsue.uz