«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА 16 ЖЫЛ ТОЛДЫ!

 

2005 жылғы 4 сәуірде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімдеушісі ретінде құрылды. 16 жыл ішінде Орталық әлемде баламасы жоқ «Болашақ» халықаралық бағдарламасын жетілдіріп, бірқатар модернизациялау кезеңінен өткізді.

 

2018 жылдан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығы еліміздің үкіметаралық гранттардың да әкімдеушісі болып табылады.