ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ МЕН ОҚУШЫЛАР CАРАЙЫ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУҒА УАҒДАЛАСТЫ

 

2021 жылғы 21 қаңтарда Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Елорданың Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова мен «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК директоры Раушан Көшібаева қатысты.

 

Меморандумға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жоспарларды жүзеге асыру, өзара ақпарат алмасуға жол аша отырып, қос тараптың қызметкерлерін курстар мен семинарларға, өзге де іс-шараларға тарту.

 

Сонымен қатар меморандум шеңберінде бірлескен дөңгелек үстелдер, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есік күндерін, «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен кездесулерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

 

Кездесу барысында Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасында сапалы трансформация жүргізілгенін, атап айтқанда президенттік стипендияға үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары бекітілгенін атап өтті. Квоталық санаттар жойылып, конкурстық іріктеу кезінде барлық үміткерлер үшін теңдей мүмкіндіктер қамтылғанын жеткізді. Оқушылар сарайы қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.

 

Кездесу соңында тараптар болашақта жүзеге асыруға ниетті жоба- жоспарларымен бөлісіп, жемісті ынтымақтастыққа қазірден дайын екендіктерін білдірді.