ҒЫЛЫМ КҮНІМЕН!

 

Бүгін қазақстандық ғалымдар кәсіби мерекелерін атап өтуде.

 

Ғылым – кез-келген қоғамды алдыға жетелейтін күш. Ол – адамның білімге және жаңашылдыққа деген құштарлығын оятып, шығармашылық жетістіктерге жетудің және түрлі жаңалықтар ашудың сара жолы.

 

Еліміздің әр саласында қажырлы еңбек етіп жатқан ғалымдарымыздың арқасында күн сайын маңызды жаңалықтар ашылуда. Қазақстандық ғалымдар тек қана еліміздің ғылымын дамытып қана қоймай, медицина, геология, түсті металлургия, химия және басқа да салалар бойынша әлемге танылып отыр.

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған түлекетердің еліміздің ғылыми саласында алатын орны ерекше. Олардың жүздеген ғылыми әзірлемелері мен 100-ден астам ірі зерттеулері өндірістік тәжірибеде қонданбалы сипатқа ие.

 

Қазіргі таңда бағдарламаның 11 мыңнан астам түлегі бар. Оның ішінде 300-ден астамы PhD доктор, аспирант және интерн дәрежесінің иегерлері, 1390 түлек «Ғылыми-педагогикалық қызметкер» санаты бойынша шетелде тағылымдамадан өтті. Бүгінде 460 түлек білім және ғылым саласында еңбек етуде.

 

«Болашақ» түлектері алған білімдерін еліміздің жетекші ғылыми орталықтарында сәтті қолдануда. Жоғары технологиялық компаниялардың инновациялық кластерлерін құруға көмектесіп, медицинада күрделі операцияларды орындауда.