ҚЫТАЙДА ОҚУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 2021 ЖЫЛҒЫ 31 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

 

Қытай үкіметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде 90 білім грантын және Қазақстан азаматтары үшін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде 17 грант бөлді.

 

Талаптары:
– Қазақстан Республикасының азаматы болу;
– бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;
– магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
– докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;

 

Назар аударыңыз!!! Қазіргі уақытта оқып жатқан үміткерлер оқу бөлімі куәландырған қытай немесе ағылшын тілдерінде аудармасы бар, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген және мектептен (колледж, ЖОО) берілген түлек мәртебесі туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынуы қажет.

 

Грант келесі шығындарды қамтиды:
• тегін оқу;
• бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 2,800 CNY, магистратураға – 3000 CNY, докторантураға – 3,500 CNY;
• медициналық сақтандыру;
• жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі (айына шамамен 700 – 1000 CNY);

 

Гранттар туралы ақпарат мына веб-сайтта жарияланған: http://campuschina.org/content/details3_74776.html (үміткер осы сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтуі қажет).

 

ЖОО мен мамандықтардың тізімін мына сілтемеден таба аласыз: http://www.campuschina.org/universities/categories.html

 

Грантқа қалай өтінім беруге болады?

 

1. 2021 жылдың 31 наурызына дейін Қытай сайтында онлайн тіркеуден өтіңіз. Тіркеуге сілтеме:

http://campuschina.org/content/details3_74776.html

 

2. Құжаттардың толық пакетін 2021 жылдың 31 наурызына дейін Халықаралық бағдарламалар орталығына тапсыру қажет.

 

Құжаттар тізімі:

– білімі туралы құжаттар;
– таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болған жағдайда);
– PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелердің тізбесі (болған жағдайда);
– заңды өкiлдің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) шетелге оқуға жіберуге жазбаша нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандығын растайтын құжаттың түпнұсқасы – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы;
– көп балалы отбасынан шыққан балалар – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекен-жай анықтамалары;
– оқу тіліне сәйкес шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (қабылдаушы тараптың талабы бойынша) (бар болған жағдайда);
– шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыру көшірмесінің мемлекеттік тілдегі нотариалды куәландырылған аудармалары* (бар болған жағдайда);
– құжаттарды үшінші тұлға арқылы ұсынған жағдайда, конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін үміткердің өкілге берген нотариалды куәландырылған сенімхаты болуы қажет.

Төмендегі қызметтер арқылы құжаттарға қабылдау жүргізіледі:

– «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon
– «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті брондау арқылы құжатты қолма қол өткізу http://bolashak.gov.kz/

Ескерту: Пандемия жағдайында карантин режимін сақтау үшін құжаттарды онлайн түрде «электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы беруді ұсынамыз.

 

3. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес сұхат.

 

4. Қорытынды комиссия ұсынатын үміткерлерді бекіту.

 

5. Үміткерлердің баллдары тең болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балаларға; көп балалы отбасынан шыққан балаларға; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлерге басымдық беріледі.
6. Қытай тарапы стипендиаттардың түпкілікті тізімін бекітеді.

 

Бұл стипендия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен реттеледі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

№ 1 қосымшадағы нұсқаулық

 

Қосымша_2 Foreigner_Physical_Examination_Form

 

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы