ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АРАСЫНДА ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚХР-ДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ ҮШІН 62 АДАМ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚХР Білім министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арасында жасалған 2003 жылғы 3 маусымдағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде үміткерлерге ҚХР-дың жоғары оқу орындарында оқу үшін 2020-2021 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша гранттар бөлінді:
– «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша – 29 орын;
– «Магистратура» бағдарламасы бойынша – 27 орын;
– «Докторантура» бағдарламасы бойынша- 6 орын.
Грант келесі шығындарды өтейді:
* тегін оқу
* жоо-ның жатақханасында тұру;
* стипендия.

Грант иегерлерінің тізімін келесі сілтемеден көре аласыздар:  КНР тізімі