Үкіметаралық гранттар аясында Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алу

 

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасында 14 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Студенттер ақылы негізде және түрлі гранттар мен стипендиялар есебінен де оқи алады. Оқу Қытайдың мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

 

Жыл сайын ҚХР Үкіметі бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқығысы келетін қазақстандық жастар үшін 100-ге жуық үкіметаралық грант бөледі. Құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеуді жүргізу рәсімдерін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүзеге асырады.

 

Бағдарлама:
– Оқу құны;
– Медициналық сақтандыру;
– Ай сайынғы стипендияны, бакалаврит бағдарламасы үшін шамамен $375, магистратура бойынша $450 доллар және докторантура бойынша $525;
– Жатақхана орынын қамтиды.

 

Қазақстандықтардың ҚХР-ның 289 университеті мен оқу бағдарламаларын таңдауына мүмкіндігі бар. Студенттер ағылшын немесе қытай тілдерінде оқи алады.

 

Оқыту бағыттары:
• Ғылым;
• Инженерия;
• Агрономия;
• Медицина;
• Экономика;
• Құқық;
• Менеджмент;
• Білім;
• Қазақстан тарихы;
• Әдебиет;
• Философия;
• Өнер.

 

Үкіметаралық грант аясында ҚХР-да қытай немесе ағылшын тілдерінде оқуға болады.

 

Қытай тілінде оқығысы келетіндер мерзімі 12 айдан аспайтын қытай тілі курстарынан өтеді.

 

2021-2022 оқу жылына құжаттарды қабылдау 2021 жылдың қаңтарында басталады.Оқуға түсу талаптары университеттерге, бағдарламалар мен оқу мамандықтарына байланысты өзгеріп отырады. Алайда, көп жағдайда университеттердің қабылдау комиссиялары келесі құжаттарды талап етеді:
• түйіндеме;
• мотивациялық хат;
• төлқұжат көшірмесі;
• шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (HSK, IELTS, TOEFL);
• транскрипт/қосымшасы бар диплом;
• 2 ұсыныс хат.

 

ҚХР-да оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!