ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ШЕҢБЕРІНДЕ ҚХР, СЛОВАКИЯ ЖӘНЕ ӘЗІРБАЙЖАНДА ОҚУҒА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ

 

2021 жылғы 14 сәуірде Қытай Халық Республикасының, Словак Республикасының және Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында үкіметаралық гранттар шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан тарапы Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында 47 адам, Словакия Республикасында 3 адам және Әзірбайжан Республикасында 8 адам оқуға ұсынылды.

 

Әңгімелесу регламент бойынша қатаң түрде өткізілді әрі мына төмендегілерді анықтау үшін әрбір үміткерге міндетті үш сұрақ қойылды:

 

– мамандық таңдаудағы уәждемелік және түйсіну деңгейі;

– оқудағы немесе таңдаған кәсіп саласындағы теориялық білімі мен жетістіктерінің деңгейі;

– пайымдау логикасының деңгейі, сөз саптау сапасы, жағдаяттық мәселелерді шешудегі жеке қасиеттері мен дағдылары.

 

Қорытынды комиссия үш өлшемшартты (шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа бағасы) бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді негізгі тізімге еңгізді.

 

Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы Тарап қабылдайды.

 

Егер сізде іріктеу процесіне және алған балыңызға қатысты сұрақтарыңыз болса, мына эл. пошаға жазуыңызға болады: info@bolashak.gov.kz

 

Үміткерлердің тізімі