ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес, конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде В1 (орта) деңгейінен төмен емес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан сертификатын ұсынуы қажет.

 

Осыған байланысты, COVID-19 инфекциясының таралу жағдайдын ескере отырып, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК көшпелі сертификаттық тестілеуді өткізуді жоспарлап отыр. Ол «Қазтест» мемлекеттік тілді анықтау емтиханының жүйесі бойынша өткізіледі. Аталмыш сынақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтінімдері бойынша Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында ұйымдастырылады.  

 

Көшпелі тестілеуді ұйымдастыру әрбір өңірде «ҚАЗТЕСТ» – тен өтуге ниет білдірген кемінде 50 адамды жинаған жағдайда ғана жүргізіледі. Тестілеудің өтетін орны мен күні туралы ақпарат қосымша берілетін болады.

 

Тесттен өтуге ниет білдірушілердің барлығынан сілтеме бойынша онлайн сауалнаманы толтыруды сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc7655dbVV7mOrFuwlprIbMbY-zy3FRkTfduxpGUMDXyiKQ9g/viewform?usp=sf_link  

 

Маңызды: 2021 жылы тестілеу құны 4 841,0 теңге көлемінде және оны үміткер өз бетінше төлейді. Үміткер тест нәтижелерін (сертификатты) тест тапсырғаннан кейін 7 жұмыс күнінен ерте емес уақытта  ала алады.