ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін  АҚ «Ұлттық тестілеу орталығы»  РМҚК Ақтау қаласында көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді.
 

2021 жылғы 10 маусым күні, I кезек сағат 09-30-бен –13-00 дейін, II кезек сағат 13-30-дан – 17-00-ға дейін. Мекен жай: Актау қаласы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 32 шағын ауданы, 2 қабат Абай Құнанбайұлы атындағы аудитория.
 

Маңызды ақпарат: тестілеуге үміткер, жеке куәлік түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және «КАЗТЕСТ» тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртегін алып келу тиіс. Сонымен қатар, тестілеуге кешіккен үміткерлер, емтиханға кіргізілмейді.
 

Үміткерлер тестілеу кезінде барлық   санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы керек және өзімен бірге маска, антисептик, медициналық қолғаптары болуы тиіс.
 

«Казтест» тестілеуіне тіркелу үшін келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 76 90 83, эл. почта: nurmanov@bolashak.gov.kz
 

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР http://kazakhtest.kz/kz/apply/rekvizity-dlya-oplaty-za-provedenie-testirovaniya-po-sisteme-kaztest.php (Қызмет ақысы – 4 841 теңге)