ҮНДІСТАНДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

 

Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі Кеңесі (Indian Council for Cultural Relations-ICCR) ҚР азаматтарына 2021-2022 оқу жылына арналған жалпы стипендиялық бағдарлама бойынша стипендия берілетіні туралы хабарлайды. Бұл стипендиялар бакалавриат, магистратура, ғылыми, инженерлік және докторлық зерттеулерге, әлеуметтік, өнер және гуманитарлық ғылымдарға арналған.

 

Стипендиялық бағдарлама бойынша үнді университеттеріне/институттарына түсу кезінде үміткерлер 18-ден 30 жас аралығында болуы керек.

 

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 30 сәуірге дейін жүргізіледі.

 

Стипендия және өтінім беру туралы толық ақпаратты ICCR порталынан білуге болады http://a2ascholarships.iccr.gov.in/