ӘЗІРБАЙЖАНДА ОҚУҒА 10 ГРАНТ БӨЛІНДІ

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы 3 сәуірдегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзірбайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021-2022 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:

 

бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын;

магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.

 

Оқу әзірбайжан, орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық курстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы – 6 айдан бір жылға дейін, ол жоғары оқу орны тарапынан анықталады.

 

Магистартура бағдарламасында оқу үшін таңдалған мамандық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.

 

Ағылшын тілінде білім алу үшін кемінде :

– Бакалавриат бағдарламасы үшін –  IELTS 5.0; TOEFL 40;

– Магистратура бағдарламасы үшін – IELTS 5.5 TOEFL  50 деңгейі бар жарамды сертификат болуы қажет.

 

Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университетті және мамандықты таңдай алады.

 

Жоғары оқу орындар тізімі мен мамандықтар тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

 

Грант келесі шығындарды өтейді:

– тегін оқу;

– ай сайынғы стипендия;

– жатақханада тұру;

– медициналық сақтандыру.

 

Ескерту!!! Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын грант иесі өзі өтейді.

 

Толық құжаттар топтамасы 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

 

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу жеке сұхбаттасу арқылы жүзеге асырылады.

 

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бала кезінен мүгедектер және мүгедек балаларға; көпбалалы отбасынан шыққан балаларға; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлерге басымдық беріледі .

 

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

 

 

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама

 

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

 

Өтінім нысаны