2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

 

Достар,
Назарларыңызға 2021 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуді өткізу кестесін ұсынамыз.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады.

 

 
Алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылды.

 

Үміткерге жеке кабинетінде бірегей код беріліп, ол барлық конкурстық іріктеу барысында пайдаланылады. Үміткердің жеке деректері де бірегей сәйкестендіру жүйесінің көмегімен кодталған. Байқаудағы іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылды. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау кезеңдерін қамтиды.

 

* Конкурстық іріктеудің 2-ші және 3-ші тағайындау кезеңі жоспарланған және оның өзгеруі мүмкін екендігін ескерулеріңізді сұраймыз.