«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссияның шешімімен 2020 жылға арналған Басым мамандықтар тізбесінде келесі медициналық мамандықтардың бағыттары бойынша «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары енгізілді: Гематология, Жұқпалы аурулар, Зертханалық диагностика, Сәулелік диагностика, Онкология, Реабилитология, Спорт медицинасы, Трансплантология, Трансфузиология, Хирургия (ангиохирургия, нейрохирургия, дерматохирургия, балалар хирургиясы, кардиохирургия, микрохирургия, хирургиялық стоматология, пластикалық хирургия).