«Bolashaq ǵalymy» – Айжан Әубекерова

 

Айжан Ұлыбританияның University College London оқу орнынан «Биофизика» мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған.

 

Ол ғылыми зерттеу жұмысы аясында ядролық кеуектердегі тосқауылдың механикалық қасиеттерін зерттеді.

 

Қазір Айжан Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында бөлім басшысы болып қызмет атқарады. Ол гранттық өтінімдердің ғылыми-техникалық сараптау процесін бақылаумен айналысады.