Bolashaq ǵalymy – Әлия Хасенеева

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ағымдағы жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ғылымның дамуы мен ғалымдарды қолдау мәселелеріне ерекше тоқталды.

 

Таныс болыңыздар, Bolashaq ǵalymy – Әлия Хасенеева.

 

Ұлыбританияның Durham University оқу орнынан “Педагогика и психология” мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған. Білім беру саласының докторы.

Бүгінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Интеллектуалды мектебі директорының орынбасары болып қызмет етеді.

 

Ғылыми зерттеу тақырыбы: “A Case Study of the Conception of Curriculum Internationalisation in a Secondary School in Kazakhstan”.
Бұл тақырыпты таңдауына жаһандық азаматтық, ұлттандыру және мәдениетаралық құзыреттіліктер туралы академиялық пәндер түрткі болған.

 

«Интернационализация жаһандық азаматтық арқылы жүзеге асады. Жаһандық азаматтық екі бағытта қабылданады: мәдениетаралық құзыреттілікке тәрбиелеу және адами капиталды дамыту. Білім берудің интернационалдануы мектептердегі білім сапасының артуына негіз болады. Зерттеу нәтижелерін орта білім беру сапасын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде ішінара қолдануға болады», – дейді Әлия.

 

Бүгінде ол зерттеу жұмысының нәтижелерін өзі жұмыс істейтін мектептегі білім сапасын арттыруға қолданып жүр.