BOLASHAQ ǴALYMY

 

Таныс болыңыздар, «Bolashaq ǵalymy» – Жәнібек Арынов.

 

Ұлыбританияның Сент-Эндрюс Университетінен «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған.

 

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің постдокторанты болып табылады.

 

Жәнібек Арынов «Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынас мәселелері» бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.

 

Ғалымның айтуынша, ғылыммен айналысу – кез-келген адамнан шыдамдылықты, еңбекқорлықты және үздіксіз ізденісті қажет етеді. Ал оның ең басты жемісі – ойы ұшқыр, білімі терең, өз ісінің мамандарының қалыптасуы. Осындай білікті мамандармен қарым-қатынас құру, ой бөлісу және бірлесіп ғылыми зерттеу жасау кімді болса да алға жетелейді, биік мақсаттар қоюға итермелейді.