BOLASHAQ TALKS: “Болашақ” түлектерінің ел аймақтарын дамытудағы үлесі”

 

Ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму драйверлерінің бірі шетелдік білімі бар жас, бәсекеге қабілетті мамандарды тарту екені белгілі.
Bolashaq Talks кезекті пікірталас алаңында еліміздің оңтүстік өңіріндегі «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар мен жаңа мүмкіндіктер талқыланады. Онлайн кездесу барысында Түркістан қаласының әкімі мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры сөз сөйлейді.
9 қазан, жұма
17:00
Webex алаңы
Сілтеме: https://bolashaq.webex.com/bolashaq-ru/j.php…
Кездесу нөмірі: 170 488 8959
Кіру кілті: 1234567
Спикерлер:
Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ПҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
Рашит Аюпов – Түркістан қаласының әкімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі;
Айнұр Кәрібозова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, “Болашақ” бағдарламасының түлегі.
Модератор:
Ерасыл Төлебаев – Түркістан қаласындағы «Visit Centre» туристерге қызмет көрсету орталығының директоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

«Болашақ» бағдарламасының түлектерін пікірталасқа белсенді қатысуға шақырамыз.