Канада стипендиаттары үшін консулдық есепке алу бойынша нұсқаулық
Консулдық есеп
1.1. Қазақстан Республикасының Канадада уақытша тұрып жатқан азаматтары үшін консулдық есеп.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Канада территориясында тұрып жатқан ҚР азаматтары өзіне таяу орналасқан ҚР консудығына есепке тұруға міндетті. Егер сіз Торонто қаласында уақытша тұрып жатсаңыз, ҚР-ның Торотодағы Консулдығына уақытша консулдық есепке тұруыңыз қажет. Егер Торонтодан тыс уақытша тұрып жатсаңыз, онда сізге ҚР-ның Канададағы Елшілігінің консулдық бөліміне есепке тұру керек.
Ол үшін ҚР Елшілігінің Оттава қаласындағы консулдық бөліміне немесе Торонтадағы ҚР Консулдығына мынадай құжаттар өткізу қажет:
1.Өтініш (Оттава, Торонто);
2.Төлқұжаттың көшірмесі;
3.Канадада болуға құқық беретін құжаттың көшірмесі (виза, жұмыс істеуге/оқуға);
4.Толтырылған анкета.
Консулдық мекемеге мекен-жайыңыздың өзгергенін, сонымен қатар байланыс мәліметтерін (мекен-жайыңыз, телефоныңыз) хабардар етуіңізді сұраймыз.