Магистратура

Сізді «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атануыңызбен құттықтаймыз!

 

Сіздің әрі қарай жасайтын әрекеттеріңіз:

 

1) Заң қызметі департаментінің Шарт жасау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасына хабарласып, оқуды ұйымдастыруға арналған және жылжымайтын мүлік кепілі шарттарын жасасуыңыз қажет;

2) Жоғарыда көрсетілген шарттарды жасасқан соң, «Солтүстік Америка, Азия және Океания» немесе «Ұлыбритания және Құрлықтық Еуропа елдерінде оқытуды ұйымдастыру басқармаларына» хабарласып, Сізге тағайындалған кураторды анықтап, Сіз баратын ЖОО-ына және виза алу үшін елшілікке тапсыруыңыз қажет болатын кепілдік хаттарын алу жолдарын сұрай аласыз;

3) ЖОО-ына арналған кепілдік хатының сканерден өткізілген нұсқасын оқу орнына жіберіңіз;

4) Жоғарғы оқу орнынан визаға рәсімдеуге арналған құжаттарды алыңыз;
5) Шетелдегі оқуыңыздың басталуына бір ай қалғанда Қазақстанның кез келген банкінен мультивалютті төлем картасын рәсімдеп, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің карт-шоты бойынша мәлімдемелер бланкінің нысанын толтырып Оқуды қаржыландыру басқармасы қызметкерлеріне жіберіңіз;

6) Виза алу үшін құжаттарды дайындау – Сіздің жауапкершілігіңізде;

7) Визаны алған бойда кураторыңызға сканерден өткізілген нұсқасын жіберіңіз;

8) Әуебилет сатып алуға арналған өтініш нысанын толтырып өз кураторыңызға жіберіңіз.

 

Академиялық оқу барысында жасау қажет әрекеттер:

 

1) Сіз оқитын елдің иммиграциялық талаптарына сәйкес жергілікті полиция мекемесінде тіркелу;

2) Медициналық сақтандыруды рәсімдеу (оқу елі талаптарына сәйкес);

3) Оқу елінде орналасқан Қазақстан Республикасы елшілігінде консульдық есепке тұру;

6) 60 күнтізбелік күн ішінде ЖОО-ы бекіткен академиялық оқу күнтізбесіне сәйкес жасалған оқу жоспарын куратордың қарауына ұсыну;

7) Оқу жоспарын қатаң сақтап, оқуды ұйымдастыруға арналған шартта көрсетілген талаптарға сәйкес оқу үлгерімін көрсету;

8) Әр оқу семестрі/жылы аяқталған соң, алынған баға көрсетілген құжатты кураторға жолдау;

9) ЖОО-мен бекітілген мерзімде оқудан өту және тәмамдау;
10) Әрдайым куратормен байланыста болып, кез келген өзгеріс туралы хабарлау.

 

Оқуды тәмамдаған соң:

 

1) Оқуды тәмамдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, әрі қарай еңбек өтілін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасына оралу;

2) Кураторға Оқуды аяқтау туралы өтініш нысанын жолдау;
3) Кураторға диплом және транскрипттің (барлық оқу кезеңі бойынша) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын ұсыну;

4) Қазақстан Республикасына кіру белгісі қойылған паспорт көшірмесін ұсыну;  
5) Түлектермен жұмыс басқармасы қызметкерлеріне әр 6 ай сайын жұмыс орнынан алынған анықтаманы тапсырып отыру;

 

Өтініш үлгілерін «Стипендиатқа» – «Құжат үлгілері» бөлімінен көре аласыз.