Тағылымдама

Құттықтаймыз, Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыңыз!

 

Сіздің келесі қадамдарыңыз:

 

Сіз «Болашақ» стипендиясының иегері атанған соң, сізге келесі шарттарды орындау қажет:

Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне хабарласып, тағылымдамадан өтуге шарт жасасу;

шарт жасасқан соң, кураторыңызға жолығу;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысу

қаржылық кепіл хатына өтініш жазу (елшілікке және тілдік мектебіне);

қаржылық кепіл хатының көшірмесін шетелдік мекемеге жіберу;

Визаға қажетті құжаттарды жинау («ВИЗА» тарауынан қараңыз);

Консулдық алымды төлеу;

Визаға қажетті құжаттарды белгіленген уақыт бойынша тапсыру;

Оқу еліне шығар алдында бір ай бұрын төлем карточкасын жасап, «Болашақ» стипендиясы иегерінің төлем карточкасы бойынша мәліметті Ф-1 нысанын толтырып қаржыландыру бөліміне жіберу;

Виза алу;

Визаны алған соң сканерленген көшірмесін кураторға жіберу

Авиабилетті сатып алуға өтініш жазу.

 

Тағылымдамадан өту барысында әр стипендиат келесі шарттарды орындауы қажет;

 

Полиция қызметі тізіміне тіркелу (оқу еліндегі көші-қон талаптарына байланысты);

Тілдік курстарын өту мектебіне тізімге тіркелу;

медициналық сақтандыруды ресімдеу;

тағылымдамадан өту бағдарламасына өзгерістер енгізуге тыйым салынады;

шақыру хатында көрсетілген мерзім бойынша тағылымдамадан өту;

тағылымдамадан өту бағдарламасында берілген шаралардан өту;

6 айдан көп болған жағдайда жарты жылдық есеп және тағылымдама жетекшісінің пікірін кураторға жолдау;

Кураторыңызбен әрдайым байланыста болу және қандай да бір өзгерістер енген жағдайда хабардар ету.

 

Тағылымдаманы аяқтаған соң барлық стипендия иегерлері келесі талаптарды орындауы тиіс:

 

3 жылдық еңбекпен өтуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына оралу;

Тағылымдаманы аяқтауға байланысты өтініш жазу

Қазақстан Республикасына оралғаны туралы кедендік белгісі бар төлқұжат көшірмесін ұсыну;

Тағылымдаманы аяқтау туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі баламасын ұсыну;

Тағылымдаманы аяқтау туралы есеп және тағылымдама жетекшісінің қорытынды пікірін ұсыну;

Түлектермен жұмыс бөліміне әр жарты жыл сайын жұмыс орнынан анықтама ұсыну.