Академиялық оқу

Орталық пен Сіздің арасында жасалған Оқытуды ұйымдастыру Шартына сәйкес, академиялық оқуға кіріскеннен кейін келесі шарттардың орындалуы қажет.

                                                                     

Оқу еліндегі консульдық есепке тұру

Оқу басталған күннен бастап 15 (он бес)күнтізбелік күндер ішінде оқу елінде Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне есепке тұрып, есепке тұрған күннен бастап, 7 (жеті) жұмыс күндері ішінде Орталықтағы Кураторды ескерту қажет. 

Консульдық есепке тұру жөнінде АҚШ студенттеріне арналған нұсқаулық

Консульдық есепке тұру жөнінде Канада студенттеріне арналған  нұсқаулық 

 

Жеке оқу жоспары

 

Білім беру мекемесінде стипендия тағайындау басталған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде Қоғамға білім беру мекемесі белгілеген міндетті тәжірибе  және / немесе тағылымдаманы көрсететін оқу жоспарымен келісуді ұсынады.

Жеке оқу жоспарын толтыру бойынша нұсқаулық 

Магистратура  бағдарламасына арналған жеке оқу жоспарының үлгісі

Докторантура бағдарламасына арналған жеке оқу жоспарының үлгісі

 

Релиз-форма

 

Оқу басталғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күнде Стипендиат Оқу орнынан Қоғамға құпия ақпаратты беру құқығы бар қол қойылған рұқсат хат (релиз форма) тапсыру қажет.

Релиз-формаға сілтеме

 

 

Студенттік портал

 

Әр семестрдің басында және аяғында оқуды төлеу сонымн қатар  бағаларды тексеру үшін Қоғамның Кураторына студенттік порталға кіруге арналған логин мен құпия сөз туралы мағлұмат берілуі тиіс.

 

Оқуды аяқтағаннан кейін және әр семестрдің аяғында Сіз Қоғамның мекенжайына транскипт жіберу керексіз

 

Оқу үлгерімі

 

         Оқу үлгерімі бойынша 2.3.11., 2.3.12. и 2.2.8 тармақтарымен танысу қажет.

 

Байланыс мәліметтері бар сауаланама.

 

Шартқа сәйкес Стипендиат қосымшадағы көрсетілген сауалнамаға  (сауалнаманы жүктеу) сәйкес байланыс мәліметтерін беріп, ақпарат бойынша  өзгерістер болған жағдайда Қоғамдағы кураторға мәлімет беру қажет. 

Оқу елінде немесе Қазақстанда байланыс мәліметтері өзгерген жағдайда, бұл жөнінде 10 (он күн) күнтізбелік күн ішінде Қоғамға хабарлау қажет.

 

Пәндерге тіркелу.

 

Оқу кезінде әрбір семестрде пәндерді тіркеу кезінде келесі талаптарды сақтау қажет.

Күндізгі бөлім студентінің Full time student мәртебесін сақтау (оқуды аяқтау үшін соңғы семестр және соңғы пән қалған жағдайдан басқа).

Қоғамның бекіткен жеке оқу жоспарында көрсетілген кредиттер саны әр семестрде қатал сақтау қажет;

Оқу түрі  online емес, оқу түрі толық (on campus) болуы тиіс;

Оқу бағдарламасына қатысы жоқ қосымша курстарға ағылшын тілі курстарына және т.б. қатысуға болмайды.

Кредит саны талап етілген санынан  аспауы тиіс.

Аталған талаптарды қатал сақтау тиіс, себебі келісілмеген құжаттар бойынша қосымша қаражат төленбейді, осылайша Стипендиат өз қаражатынан төлеуі қажет болады.

 

Ұшу

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығының 2.2. тармағына сәйкес Қазақстандағы тұратын жерден оқу орнына дейін оқуға дейін және оқудан кейін 15 күн ішінде орындалатын болады. 

 

Оқуды аяқтау

 

Оқуды ұйымдастыру туралы шарттқа сәйкес Қоғамға Қазақстан Республикасына келгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігін еске саламыз:

Оқуды аяқтау туралы өтініш;

Сіздің университеттегі оқудың барлық кезеңінің нәтижелері бойынша ресми транскрипт;

Сіздің оқуды аяқтағандығы және барлық талаптар орындалғандығы туралы университеттен ресми хат;

Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін Қазақстан Республикасына кіру белгісі бар төлқұжаттың сканерленген көшірмесін жіберу;

Сонымен қатар, 2.3.22 тармағына назар аударуды . Оқытуды ұйымдастыру туралы келісімде, оқудың толық курсын аяқтаған және бекітілген оқу бағдарламасында қарастырылған дәрежені алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасына оралуға міндетті екендігі көрсетілген, Қоғамға сіздің Қазақстанға кіру белгісі бар төлқұжаттың көшірмесін тапсыру қажет.

Оқуды аяқтағаннан нотариалды куәландырылған аударма және университеттің дипломының көшірмесі тапсыру қажет.

 

Оқуда сәттілік тілейміз!