«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 301 қаулысымен жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Қызметтің негізгі нысаны – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық бағдарламалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  Жарғысы