Құрметті «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі!

 

Сізді оқуды сәтті аяқтауыңызбен құттықтаймыз!

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) арасында жасалатын оқытуды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес Сіз міндеттелдіңіз:

Оқуы аяқталған соң алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында кемінде екі/үш/бес жыл (тағылымдамадан өту/академиялық оқу) үздіксіз еңбекпен өтеу үшін Қазақстан Республикасына оралуға;

Өзінің академиялық кураторына:

1) оқуы аяқталғаны туралы өтініш (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);

2) нотариалдық куәландырылған және мемлекеттік не болмаса орыс тіліне аударылған диплом және транскрипт, сондай-ақ Қазақстан Республикасына кіру туралы белгісі бар паспорт көшірмесін беру.

Егер Сізде құжаттарды тапсыру кезінде дипломыңыз жоқ болса, Сізге ЖОО-нан диплом берілетін жоспарлы күні мен дәрежесі көрсетілген ресми растаманы ұсыну қажет (өз кураторыңызға барлық қажетті құжаттарды берген соң, Сіздің құжжаттарыңыз Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасына  жіберіледі

3) Оқу аяқталып және Қазақстан Республикасына келгеннен кейін әр 6 (алты) ай сайын Орталыққа еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуын растау үшін жұмысқа орналасу туралы өзекті мәліметті, сондай-ақ байланыс ақпаратын (тұратын мекен-жайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта) ұсыну.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 27-тармағына сәйкес түлектердің келесідей еңбекпен өтеу мерзімдері бекітілді:

5 жыл – республикалық маңызы бар қалаларда: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент (2018 жылғы 19 маусымнан бастап оқытуды ұйымдастыру шартын жасасқан түлектер үшін);

3 жыл – Қазақстан Республикасы өңірлерінде (негізгі еңбек қызметі);

2 жыл – облыстық (облыс орталықтарының қалаларын қоспағанда), аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың басқа аудандарының оқу бағдарламаларын іске асыратын бастауыш, орта, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (2020 жылғы 6 мамырға дейін оқытуды ұйымдастыру шартын жасасқан түлектер үшін).

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармақшасына сәйкес енгізілген нормалар (азаматтарға жүктелген міндеттерді қоспайды немесе олардың жағдайын жақсартады) бұрын жойылған санаттағы стипендиаттарды қамтиды.

 

Оқуы аяқталғаннан кейін еңбекпен өтеу

 

Еңбекпен өтеуді есепке алудың басы Сіз жұмысқа орналасқан сәттен бастап оқуы аяқталған және дәрежесін алғаннан кейін басталады.

Оқуы аяқталған соң есепті мына түрде тапсырады: жұмыс орнынан анықтаманың, еңбек шартының немесе Сіздің атқаратын лауазымыңызды және еңбек қызметін бастаған күнін растайтын басқа құжаттардың көшірмелері.

Аталмыш құжаттардың көшірмелері тиісті белгілері бар болған кезде қабылданады (анықтаманы тіркеу күні, тіркеу нөмірі, уәкілетті тұлғаның қолы және мөртабан бедері) және оларды еңбек қызметі басталған сәттен бастап әр 6 (алты) ай сайын сапалы сканерленген түрде (PDF форматта) кураторлардың электрондық поштасына жібері қажет.

 

Шарттық міндеттемелерді кейінге қалдыру

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына сәйкес, еңбекпен өтеу мүмкін емес болған жағдайда Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша шарттарды орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Орталыққа жүгінеді.

Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында докторлық зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда академиялық оқуды жалғастыру, Іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда;

– еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;

– шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

– мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

– жүктілік жағдайы, сондай-ақ үш жасқа дейін баланы (балаларды) тәрбиелеу.

Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру бір рет беріледі: Қағидаларының осы тармағында көрсетілген Іріктеу қағидаларының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, академиялық оқуды жалғастыру, шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру.

 

        Ауыртпалықты алу

 

Егер Сіздің еңбекпен өтеу мерзіміңіз соңына жеткен болса, онда төменде берілген жаднамада еңбекпен өтеу мерзімін есептеу калькуляторына сәйкес өз бетінше еңбекпен өтеуді есептеу үшін қажетті қадамдық әрекеттер бар.

 

Еңбекпен өтеу мерзімін есептеу бойынша

Жаднама

 

Егер де стипендиат еңбекпен өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында (2018 жылғы 19 маусымнан бастап оқытуды ұйымдастыру шартын жасасқан түлектер үшін) еңбекпен өтеген болса, онда өтеу мерзімі 3 жылды құрайтын ҚР облыс орталықтарында не болмаса өтеу мерзімі 2 жылды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың басқа аудандарында келесі еңбекпен өтеуден бастап, еңбекпен өтеу күннің есебі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент (бұдан әрі – А%) қалаларындағы өтелген күн санының пайыздық арақатынасын облыс орталықтарында (бұдан әрі – В%) және облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың басқа аудандарындағы білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – С%) өтелген күн санымен қосу арқылы келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

А% + В% + С%= 100% (еңбекпен өтеудің жалпы мерзімі).

1) А% есептеу үшін:

А% = Х*(көбейту) 100% /(бөлу) 1825 күн (мұнда А% – өтелген күндердің санына пайыздық арақатынасы, Х – өтелген күндердің саны).

Нұр-Сұлтан қаласында еңбекпен өтеу кезінде: 1825 күннен (5 жыл) Сіз 730 күнді (2 жыл) өтедіңіз деп алайық, онда пайыздық арақатынасы келесідей есептеледі:

А% = 730×100% / 1825 = 40%.

Демек, Сіз төменде көрсетілген есеп бойынша қалған 60%-ды облыс орталықтарында немесе облыстық, аудандық маңызы бар және облыстың басқа аудандарындағы білім беру ұйымдарында өтеуіңіз қажет.

2) В% есептеу үшін:

В% = Х*(көбейту) 100%/(бөлу) 1095 күн (мұнда В% – өтелген күндердің санына пайыздық арақатынасы, Х – өтелген күндердің саны).

Мысалы, Атырау қаласында еңбекпен өтеу кезінде: 1095 күннен (3 жыл) Сіз 365 күнді (1 жыл) өтедіңіз деп алайық, онда пайыздық арақатынасы келесідей есептеледі:

В% = 365×100% / 1095 = 33,33%.

3) С% есептеу үшін:

С% = Х*(көбейту) 100% /(бөлу) 730 дней (мұнда С% – өтелген күндердің санына пайыздық арақатынасы, Х – өтелген күндердің саны).

Енді, облыстық маңызы бар қалада, мысалы Қостанай облысы Рудный қаласының білім беру ұйымында еңбекпен өтеу кезінде: 730 күннен (2 жыл) Сіз 365 күнді (1 жыл) өтедіңіз, онда пайыздық арақатынасы келесідей есептеледі:

С% = 365×100% / 730 = 50%.

Содан кейін өзіңіздің Нұр-Сұлтан қаласында өтелген 40%-ды Атыраудағы 33,33% және Қостанай облысы Рудный қаласының 50%-на қосасыз да, 123,33% аласыз. Демек, Сіздің шарттық міндеттемелеріңіз толықтай орындалды және жүзеге асырған еңбек қызметі мерзімі жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін жеткілікті.

Еңбекпен өтеу мерзімін есептеу стипендиат Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес негізгі жалақысын ала отырып, негізгі еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымның орналасқан жері бойынша жүргізіледі (жұмыс орнында болған). Қашықтан жұмыс негізгі еңбек қызметі болып табылмайды.

Қосымша, егер де стипендиат бірнеше ұйымда қатар жұмыс жасаған болса, онда бірнеше ұйымнан бір айда түсетін төлемдер ай сайынғы бір зейнетақы салымымен өтелген бір ай ретінде есептелетін болады деп мәлімдейміз.

Түлектің жүктілік немесе туу, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңдері еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мерзіміне есепке алынады (ҚР Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілген кезеңдерде болған жағдайда).

Сонымен қатар, стипендиат жүктілік және туу бойынша демалысты ұсыну туралы, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысты беру туралы бұйрықтардың үзіндісін немесе көшірмелерін, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін міндетті түрде ұсынуы қажет.

 Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Заң қызметі департаменті Шарттық жұмыс және түлектерді мониторингілеу басқармасының қызметкерлерімен «Телефон байланыстары» бөлімінде көсетілген телефондары бойынша байланыса аласыз.

Жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін стипендиат не кепіл беруші Орталық кеңсесіне өтінішпен (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген) баруы және өтінішке келесі құжаттарды қоса беруі тиіс:

1) «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған дипломның нотариалдық куәландырылған аудармасы (оқуы аяқталғанда ұсынбаған жағдайда);

2) Еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеген кезеңі үшін зейнетақы төлемдері туралы үзінді көшірме;

4) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және әділет органы берген техникалық сипаттамалар туралы анықтама;

5) Кепіл мүлкі меншік иесінің жеке бас куәлігінің көшірмесі;

6) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың түпнұсқаларын алуға кепілдік жылжымайтын мүлік иесінің атынан сенімхат (егер де құжаттардың түпнұсқалары Орталықтың мұрағатында сақталған болса және меншік иесі оны өзі ала алмайтын болса) (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген).

Орталық қызметкері қажеттілігінше қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін.

 

Назар аударуыңызды сұраймыз!

 

Ауыртпалықтан алу өтінішін қарауға 10 жұмыс күні кетеді.

Өтініштер стипендиаттың жеке қатысуымен немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес) негізінде осы әрекетті жасауға уәкілетті тұлғаның қатысуымен қабылданады.

 

Орталық кеңсесінің мекен-жайы: индексі 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, «EXPO» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат.

Жұмыс уақыты сағат: 09.00 – 18.30, түскі үзіліс: 13.00 – 14.30