Үкіметаралық гранттар бойынша ақпарат

 

Қазақстандық азаматтар үшін гранттар беретін елдер  

Берілетін гранттардың жалпы саны

Оқыту бағдарламалары бойынша

берілетін гранттар саны

Оқыту тілдері* Құжаттарды тапсырудың  мерзімдері**
Бакалавриат Бакалавриат+

магистратура (ОТМ)

Магистратура Докторантура
1 Мажарстан 250 грант 110 грант 30 грант 90 грант 20 грант ағылшын, венгр 20.12.2020-29.01.2021
2  ҚХР 150 грантқа дейін *** ағылшын, қытай қаңтар-ақпан
3 Украина 40 грант 30 грант 10 грант украин ақпан-наурыз
4 Польша 11 грант 3 грант 4 грант 4 грант поляк наурыз-сәуір
5 Тәжікстан 50 грант 40 грант 10 грант орыс наурыз-сәуір
6 Беларусь 6 грант 3 грант 2 грант 1 грант орыс сәуір-мамыр
7 Вьетнам 3 грант 3 грант вьетнам маусым
8 Қырғызстан 5 грант + + орыс маусым-шілде
9 Әзірбайжан 10 грант 5 грант 5 грант әзірбайжан, орыс, ағылшын маусым-шілде
10 Мысыр 17 грант 15 грант 1грант 1 грант араб тілі маусым-шілде

 

* Қабылдаушы тараптың тілінде оқыған жағдайда қабылдаушы тарап жылдық тілдік курстарды ұсынады.

**Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 5 (бес) жұмыс күні ішінде өздерінің ресми сайттарында Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында дипломатиялық нотаны алған күннен бастап жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

*** ҚХР-да оқуға арналған гранттар саны жыл сайын өзгеріп отырады және 150 гранттан аспайды. Гранттар барлық оқу бағдарламалары бойынша жалпы санын қарастырады.

 

Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу шарттары

 

Білім туралы құжаттың орташа балы:

бакалавр үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білім туралы куәліктің орташа балының және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табельдің/транскрипттің немесе арнаулы орта білім туралы дипломның 5,0-ден кемінде 4,0 балға сәйкестігі;

магистр және резидентурада оқу үшін – бакалавр/маман дипломының/немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскриптің орташа балының 4,0/4,33 балдан кем емес (барлық өткен курстар үшін алынған бағалардан орташа арифметикалық) немесе кестеге сәйкес оның баламасына сәйкестігі https://www.bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/perechni/tablitsa-ekvivalentnosti-otsenok.html;

философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор үшін – магистр дипломының орташа балының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскриптің баллға сәйкестігі 4,0/4,33-тен кем емес (барлық өткен курстар үшін алынған бағалардан орташа арифметикалық) немесе кестеге сәйкес оның баламасы https://www.bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/perechni/tablitsa-ekvivalentnosti-otsenok.html;

Егер қабылдаушы тарап білім туралы неғұрлым төмен орташа балл белгілеген жағдайда, бұл шарт ескерілмейді.

 

Қажетті құжаттар тізімі

 

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады, құжаттарды egov порталы арқылы тапсырған жағдайда үміткерлер құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

1) толтырылған сауалнама;

2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың түпнұсқасы;

3) білім туралы құжаттың түпнұсқасы қатысу шарттарын қарау. Шетелдік білім беру ұйымдары құжаттарды берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;

4) бар болған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу еліне сәйкес шет тілін білетінін растайтын құжат. Қабылдаушы Тарап тілдік оқытуды ұсынған жағдайда, шет тілін білгенін растайтын құжат талап етілмейді;

5) республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған таңдалған оқу бағыты бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (олар болған жағдайда);

6) ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізбесі);

7) құжаттарды өкіл арқылы берген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

8) шетелде оқу үшін (18 жасқа толмаған адамдарға) жолдама алуға үміткердің заңды өкілінің (ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, қабылдаушы ата-анасы, патронат тәрбиешісі) нотариалды келісімі;

9) тұлғалардың келесі санаттарына тиесілілігін растайтын құжаттың түпнұсқасы:

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасы жоқ екендігін растайтын құжат;

бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама);

көп балалы отбасынан шыққан балалар – бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;

10) мемлекеттік тілге нотариалды расталған аудармасы бар шетелдік ЖОО шақыруының көшірмесі.   

 

Конкурстық іріктеу

 

1 кезең. Үміткердің мамандықты, ЖОО-ны және оқу елін таңдаудың саналы және дәлелді деңгейін; шетелде оқу үшін дайындық деңгейін анықтау үшін мамандық бағыты бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке/онлайн әңгімелесуден өтуі. Тәуелсіз сараптамалық комиссиясы халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына баға қояды. Тәуелсіз сараптамалық комиссиясы өткізетін жеке әңгімелесу барысында аудио – және бейнежазба жүргізіледі.

Тәуелсіз сараптама комиссиясы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлермен дербес / онлайн әңгімелесу өткізеді.

2 кезең. Шетелде оқу үшін ұсынылатын және келісімдер шеңберінде үміткерлердің резервтік тізіміне енгізілетін үміткерлерді іріктеуді үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның мүшелері жүзеге асырады.

Үміткерлердің балдарын есептеу, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелері бойынша үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия Қағидаларға сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімін бекітеді. Резервтік тізімде үміткерлер саны бөлінген орындар санының 40 (қырық) пайызынан аспауы тиіс.

Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия қабылдаушы Тарапт

ың берілетін гранттарының саны шеңберінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша орындар санын айқындайды.

 

Іріктеу өлшемшарттары

 

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар мыналар:

1) Қағидаларға сәйкес балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;

2) Қағидаларға сәйкес балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;

3) Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағалауы.

Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең балмен басымдыққа мыналар ие (мынадай ретпен):

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 082/у нысан бойынша медициналық анықтаманы (шетелге шығушылар үшін) ұсынған, тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмеген медициналық қорытындыға сәйкес бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасынан шыққанн балалар;

4) шетелдік ЖОО-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖОО-да білім алушылар.

 

Тізімдерді жариялау

 

Әкімші үміткерлерді іріктеу жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін Тізімді білім беру саласындағы уәкілетті органға береді.

Тізім білім беру саласындағы уәкілетті органның және Әкімшінің интернет-ресурстарында үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде орналастырылады.

Ескертпе. Ұсынылған үміткерлер тізіміндегі үміткер оқудан немесе зерттеу жүргізуден бас тартқан жағдайда оны ауыстыру резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.

       

Шарт жасасу

 

Конкурс жеңімпазы қабылдаушы тараптан білім беру саласындағы уәкілетті орган дипломатиялық арналар арқылы оқуға қабылданған үміткерлердің түпкілікті тізімін алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Әкімшімен Қағидаларға сәйкес үлгілік нысандар бойынша оқуға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады, олар міндетті түрде мына тәртіпте құрылады:

1) шарттың мәні;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;

3) оқу мерзімі мен шарттары;

4) шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін конкурс жеңімпазын міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 3 (үш) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.