Құрметті Түлектер мен Кепіл берушілер!

 

Кепіл затын ауыстыру үшін стипендиат немесе алдыңғы немесе ұсынылған жылжымайтын мүлік иесі Орталықтың кеңсесіне өтінішпен баруы (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген) және өтінішке келесі құжаттарды қоса беруі қажет:

1) жаңа (болжамды) және алдыңғы (қолданыстағы) кепіл затын бағалау туралы есептің түпнұсқасы (бағалау туралы есеп 6 ай бойы жарамды);

2) егер де жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеде тұрған болса – жұбайының кепілге және соттан тыс іске асыруға нотариалдық куәландырылған келісімі, сондай-ақ неке туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі және жеке бас куәлігінің ксерокөшірмесі (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);

3) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеде тұрмаған болса – бұл туралы нотариалдық куәландырылған өтініш (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);

4) сенімхат бойынша кепіл шарты жасалатын болса, кепілге және соттан тыс іске асыруға жылжымайтын мүлік иесінен (-лерінен) нотариалдық куәландырылған өтініш-келісімі (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);

5) меншік иесінен нотариалдық куәландырылған сенімхат (егер де меншік иесі кепіл шартына қол қоймайтын болса) (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);

6) егер де мүлік иесі кәмелет жасқа толмаған тұлға болса – жылжымайтын мүлік кепіліне қамқорлық және қамқоршылық органынан анықтама, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған мүлік иесінің туу туралы куәлігі;

7) жаңа және алдыңғы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (2-нысан).

 

Назар аударуыңызды сұраймыз!

 

Өтініштер стипендиаттың жеке қатысуымен немесе алдыңғы/ұсынылатын жылжымайтын мүлік иесінің не болмаса нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде осы әрекетті жасауға уәкілетті тұлғаның қатысуымен қабылданады (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес).

Сіздің кепіл затын ауыстыру туралы өтінішіңізді қарау кезінде Орталық келесі өлшемшарттарды назарға алады:

1) құны;

2) сандық және сапалық сипаттамалар;

3) географиялық орналасқан жері.

Өтініштерді қарауға 5 жұмыс күні кетеді.

Кепіл шарты тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалады.

Кепіл шартына екі тарап қол қойған соң жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша ХҚКО-да тіркеуге алынады. Тіркелгеннен кейін Кепіл шартының Қоғам қызметкері қол қойған 1 (бір) данасы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы/ларды берумен Қоғамға қайтарылады (2-нысан).

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 163-бабы 3-тармағына сәйкес Стипендиат оның мүддесі үшін жасалатын кепіл шартын/тарын/кепілдіктерді жасасқан кезде сенімді тұлға ретінде қатыса алмайды.

Ескертпе: Егер де алдыңғы кепіл затының құқық белгілеуші құжаттары Орталықтың мұрағатында сақталып жатқан болса және меншік иесі оларды өзі ала алмаса, онда құжаттар сенім білдірілген тұлғаның құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын алуға берген сенімхаты бойынша беріледі (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген).

 

Орталық кеңсесінің мекен-жайы: индексі 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, «EXPO» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат.

Жұмыс уақыты сағат: 09.00 – 18.30, түскі үзіліс: 13.00 – 14.30