ü Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:

 

·          ұсынылған ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖООнан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);

·          мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу (нәтижесі В1 деңгейден кем емес)

·          бакалавр немесе маман дипломының орташа балы есептелмейді.

 

 

ü Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер:

 

·          соңғы 3 (үш) жылда ауылдық елді мекенде тұру және соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде еңбек қызметін жүзеге асыру;

·          бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 2,67 (4.33/4.00) не 5.00-тен 4.00;

·          кемінде В1 деңгейлі нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;

·          белгіленген ең төменгі талапқа сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;

·          бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығының мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдаған мамандығына сай келуі

 

ü Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:

 

·           ұсынылған ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖООнан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда); 

·           мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу (нәтижесі В1 деңгейден кем емес)

·           бакалавр немесе маман дипломы бойынша орташа балы есептелмейді.

 

ü Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:

 

Ғылымдар;

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;

Педагокикалық қызметкерлер;

Мемлекеттік қызметшілер;

Инженерлік-техникалық қызметкерлер.



 

·          тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның атынан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);

·          жалпы еңбек өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде соңғы 12 (он екі) айы таңдаған маманданым саласында;

·          кемінде В1 деңгейлі нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;

·          бакалавр немесе маман дипломы бойынша орташа балы есептелмейді