ТАҒЫЛЫМДАМА

Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясы тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 27 — тармағына сәйкес, Сіз Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия Сізге «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде Стипендиаттың тағлымдамадан өту шартын жасасуыңыз керек.

Стипендиаттың «Тағылымдамадан өту шарты» бойынша міндеттемелерді  орындауын қамтамасыз ету үшін екі (2) кепіл берушімен  кепілдік шарты жасалды.

Стипендиатпен тағлымдамадан өту шарты 3 (үш) данада, кепілдік шарты 2 (екі) данада жасалады.

Шарттарды жасау кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құқықтық  қамтамасыз ету бөлімімен шарттарға қол қою кезінде толтырылады және басылып шығарылады.

Шарттар бір уақытта жасалып, нотариалды куәландырылған  сенімхат негізінде сенім білдірілген адамдармен (стипендиаттың және кепіл берушінің) (ҚР АК-нің 163 — бабының 3 — тармағына сәйкес стипендиат сенім білдірген адам бола алмайды)жасалуы мүмкін.

 

Назар аударыңыз!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясы тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 27 — тармағына сәйкес Стипендиат көрсетілген мерзімде шарттар жасаспаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясы тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының 28 — тармағына сәйкес «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бұл адамды «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселесін қарауға бастама жасайды.

Шарттар жасасу процесі мыналарды қамтиды:

1) Төменде көрсетілген құжаттарды жинау;

2) Нұр-Сұлтан қаласына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға келесі мекенжай бойынша шарт жасау үшін келу: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, «Expo» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат.

3) Жұмыс берушімен  шартқа қол қойдыру;

4) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на жұмыс берушімен қол қойдырылған тағлымдамадан өту шартын тапсыру (әкелу);

 

«Тағылымдамадан өту шартын» жасау:

 

«Тағылымдамадан өту шартын» жасау үшін  мынадай құжаттар тізбесін ұсыну керек:

1) Стипенндиаттың ЖСН көрстелген жеке куәлік көшірмесін;

 

Кепілдік шартын жасау:

 

«Кепілдік шартын» жасау үшін  мынадай құжаттар тізбесін ұсыну керек:

1) Кепілдік берушінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) Кепілдік берушінің жұмыс орнынан анықтама (соңғы 1 жылдың, яғни шарт жасасқанға дейін 12 айға табысын көрсетумен).

3) Соңғы бір жылға яғни шарт жасақанға дейінгі 12 айға зейнетақы қорынан көшірме.

4) Кепілдік беруші шарт жасасу кезінде Нұр-Сұлтан қаласына келе алмаған жағдайда Кепілдік шартын жасасуға сенімхат (ҚР АК-нің 163 — бабының 3 — тармағына сәйкес стипендиат сенім білдірген адам бола алмайды).

Кепіл беруші ретінде шарт жасасқанға дейін 12 айға табысын көрсетумен кез келген жеке адам (50 жасқа дейінгі) бола алады. Кепілдік берушіден қосымша кепіл мүлкін ұсыну талап етілмейді.Кепіл беру шарты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы мен кепілдік беруші арасында жасалады, және аталған шарт тіркелмейді, яғни  кепіл берушіге қандай да болсын (несие алуда немесе несие бар болған жағдайда, сонымен қоса кепіл берушінің несие тарихына әсер етпейді) шектеулер қойылмайды. Декреттік немесе академиялық демалыстағы адамдар кепіл беруші бола алмайды.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарды дайындағаннан кейін Стипендиатқа, кепілдік берушіге, не сенімхат жөніндегі өкілдерге мына мекенжайға келу қажет: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, «Expo» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат, тел. 8 (7172) 79-04-79, 8 (7172) 76-90-80, 8 (7172) 76-90-79;

 

Сіздердің назарларыңыз үшін:

 

1) Шарттар тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалады.

2) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Шарттарды ресімдеу 3 (үш) жұмыс күнінде жүргізіледі. Құжаттар сағ. 9.30-дан 16.00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды беру 16.00-ден 17.00-ға дейін, демалыс күндері: Сенбі және жексенбі, сондай — ақ кеңес мына телефондар арқылы беріледі: 8 (7172) 79-04-79, 8 (7172) 76-90-80, 8 (7172) 76-90-79.

3) Тағылымдамадан өту шарты және Кепілдік беру шарты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен толтырылады және басылады.

4) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен Стипендиат арасында Кепіл беру шартына қол қойылғаннан кейін,  шарт жұмыс берушімен қол қойылуға тиісті, жұмыс берушімен тағлымдамадан өту шартына қол қойылғаннан кейін Стипендиатпен өз кезегінде шарттың  бір данасын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету бөліміне қайтарылуы қамтамасыз етіледі, қалған екі данасы Стипендиатқа және жұмыс берушіге қайтарылады.