ҚАЛАЙ СЕРІКТЕС БОЛУҒА БОЛАДЫ

 

Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың үздік мамандарды әлемнің үздік университеттерінде білім алған «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі бар. «Болашақ» бағдарламасының түлектері төменде берілген бағыттар бойынша білім алған:

Медицина;

Мәдениет, өнер, спорт және туризм;

Гуманитарлық және әлеуметтік бағыттар;

Білім беру;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

Ауыл шаруашылығы және ветеринария;

Жаратылыстану ғылымдары;

Инженерлік-техникалық мамандықтар.

Қазіргі таңда Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасы 200-ден астам ірі жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастықта.

Олар: Экономика саласында жұмыс жасайтын 39-дан аса ұйымдар мен компаниялар, соның ішінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты;

10-нан астам шетелдік компаниялар бар: PwC, Deloitte, McKinsey&Company;

14-тен астам медициналық ұйымдар: «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК, «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы.

Жұмыс беруші ұйымдардың тізімі 

 

Жұмыс беруші ұйым төменде берілген талаптарға сәйкес келуі тиіс:

 

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген болуы;

Компанияның жабылу және банкроттық жағдайда болмауы;

Ұйымдарды жұмыс берушілер тізімен енгізу рәсімі;

Жұмыс беруші-серіктес болғысы келетін ұйым өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасуы тиіс.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдарды қарап, оларды жұмыс берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдауы үшін ұйым басшысы жұмыс беруші ұйымдар тізіміне енгізу туралы Орталыққа ресми хат жолдауы тиіс.

 

Жұмыс беруші ұйымдардың міндеттері

 

Жұмыс беруші ұйым міндетті:

Орталықтың ресми сайтына түлектерге арналған бос жұмыс орындарын орналастыру мақсатында тіркелуі тиіс (тіркелу үшін);

сайтта бос орындарды орналастыру үшін арнайы берілген нысанды толтырып (нысанды жүктеу), eltayeva@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберу;

Орталық ұйымдастыратын және түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларға қатысу;

Орталықтың ресми сайтына бос орындар тізімін орналастыру және оны ай сайын әрбір лауазым бойынша еңбекақысы мен әлеуметтік қолдау кепілдігін (бар болса) көрсете отырып, жаңартып отыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Орталықтың ресми сайтында жарияланған бос лауазым орындарының тізімі негізінде түлектерді жұмысқа орналастыру.