ҚОСЫМША КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ

Құрметті Стипендиаттар мен Кепіл берушілер!

 

Шарттарға қосымша келісімдер жасау үшін Сіз Орталықтың кеңсесіне өтінішпен (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген) жүгінуіңіз және өтінішке келесі құжаттарды қоса беруіңіз қажет:
1. стипендиаттың, кепіл берушінің, кепілгердің/гаранттың (-тардың) және/немесе сенімхат бойынша өкілдің жеке бас куәлігінің көшірмелері;
2. Кепіл шартына қосымша келісім жасау қажет болған жағдайда кепілде жатқан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (-лар) (2-нысан);
Мұндай анықтама Қазақстанның кез келген қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында беріледі және Орталықта берілген күннен бастап 10 күн ішінде қабылданады.
3. Стипендиаттың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде Кепілгерлік/кепіл шарты жасалған болса, онда кепілгерден/гаранттан стипендиаттың оқу шартының талаптарын өзгертуге өтініш-келісімі қажет (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген). Кепілгер/гарант осындай өтініш-келісімге қол қоюға өзі қатыса алмайтын болса, кепілгер/гаранттың өтініш-келісімдегі қолын нотариустан куәландырып, Орталыққа өткізу қажет;
4. стипендиаттың/кепіл берушінің аты-жөні өзгерге жағдайда – стипендиаттың/кепіл берушінің жеке бас куәлігінің, сондай-ақ тегін өзгертуге негіз болған құжаттың көшірмелері (мысалы: неке қию туралы куәлік);
5. Егер де стипендиат қосымша келісімге қол қою кезінде келе алмаса, стипендиаттың атынан қосымша келісім жасасуға сенімхат қажет (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);
6. Егер де кепіл беруші қосымша келісімге қол қою кезінде келе алмаса, кепіл берушіден атынан қосымша келісім жасасуға сенімхат қажет (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген);
7. Қажет болған жағдайда басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

 

Назар аударуыңызды сұраймыз!

 

Өтініштер стипендиаттың жеке қатысуымен немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде осы әрекетті жасауға уәкілетті тұлғаның қатысуымен қабылданады, сондай-ақ сканерленген өтініш нұсқасын келесі электрондық поштаға жіберуге болады: info@bolashak.gov.kz.
Өтініштерді қарауға 10 жұмыс күні кетеді.
Қосымша келісімдер тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалады.
Сізден оқу сомасы ұлғайған жағдайда, егер де стипендиаттың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны оқу бағасын өтей алмаса, стипендиат қосымша кепіл мүлкін және/немесе кепілгер/гарант ұсынуға міндетті екенін ескеруіңізді сұраймыз.
Үшжақты қосымша келісімге қол қою қажет болған жағдайда Жұмыс беруші стипендиатқа қосымша келісімнің үш данасын береді. Жұмыс беруші келісімге қол қойған соң стипендиат Орталыққа қол қойылған келісімнің бір данасын ұсынады. Жұмыс берушінің атынан қосымша келісімге тек уәкілетті тұлға ғана қол қоюы тиіс. Стипендиат Орталыққа қосымша келісімге қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжатты (мысалы, басшыларды тағайындау туралы/міндеттерді жүктеу туралы бұйрық) беруге міндетті.
Кепіл шартына қосымша келісімге қол қойған жағдайда, оның барлық даналары Кепіл берушіге (Кепіл берушінің өкіліне) әділет органдарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы тіркеу үшін беріледі. Кепіл шартына тіркелген қосымша келісімдерді алғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы (2-нысан) сұрау қажет. Кепіл шартына қосымша келісімнің әділет мөртабаны бар бір данасы (артқы бетінде) және аталмыш анықтама Орталыққа ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136-бабы 3-тармағына сәйкес стипендиат оның мүддесі үшін жасалатын кепіл шартын/тарын/кепілдіктерді жасасқан кезде сенімді тұлға ретінде қатыса алмайды.

 

Орталық кеңсесінің мекен-жайы: индексі 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, «Expo» БО, C2–1 Блогы, 2-қабат.

Жұмыс уақыты сағат: 09.00 – 18.30, түскі үзіліс: 13.00 – 14.30