КОМПАНИЯ «AUSTRADE» ПРИГЛАШАЕТ НА ВЫСТАВКУ С УЧАСТИЕМ ВУЗОВ АВСТРАЛИИ И НОВОЙ ЗЕЛАНДИИ, КОТОРАЯ СОСТОИТСЯ 17-18 СЕНТЯБРЯ 2011 ГОДА

Австралия Үкіметі, Автралиялық «Austrade» сауда комиссиясының атынан Ресей және ТМД елдері аумағында инвестиция мен сауданы дамыту мемлекеттік агенттігі, 17-18 қыркүйек күні, Астана мен Алматы қаласында, австралиялық оқу орындарының қатысуымен  өтетін Австралия-Жаңазеландия көрмесіне шақырады.
««Болашақ» бағдарламасына мол қызығушылық таныта отырып, автралиялық әріптестеріңізбен кездесуге шақырамыз»-делінген Globus Education білім беру орталығы өз хатында.
Кездесу барысында бірнеше алдыңғы қатарлы университтер мен колледждер таныстырылып, Қазақстан Үкіметімен оқу ісі жөнінде қарым қатынасты дамыту жоспарланып отыр.
Мына салалар бойынша бірлесе жұмыс жасау нақты талқыланып, қарастыралатын болады:
1)    «Болашақ» бағдарламысының стипендиаттарымен жұмыс жасау;
2)    Австралия мен Қ азақстанның алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарында ғылыми қызметкерлер мен инженерлерді тәлімгерлікке тарту;
3)    Екі елдегі  алдыңғы қатардағы университеттердің өзара тығыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
4)    Автралиялық оқу орындары негізінен орта және жоғарғы кәсіби білім беретін оқу саласында тығыз қарым қатынас жасауды, бірлесе іс атқаруды жоспарлап отыр;
Австраляи мен Қазақстан мемлекеттері Үкіметінің жоспарларын ортаға салып, оқу орындары өкілдерінің кездесулері екі ел арасындағы қарым қатынасты нығайта түсіп, жаңа қадамдарға жол ашуына жәрдемдесуі әбден мүмкін.
Өз кезегінде «Austrade» ұйымдар арасындағы қарым қатынасты дамыту мен нығайтуға, қолдау көрсетуге даяр екендігін білдіреді.
Кездесу мен көрмеге Canberra of Technology, Deakin University, Sydney University, University of Wollongong (Sydney) and Victorian Government, Department of Business Innovation сияқты белді оқу орындары мен ұйымдар қатысады.